Al Safi Bank Digital Umma IT Forum Іс-шарасында
Al Safi Bank Digital Umma IT Forum Іс-шарасында
Al Safi Bank – Best Shariah-Compliant Financial Institution
Al Safi Bank примет участие в ПЛАС-Форуме Digital Uzbekistan
Al Safi Bank – Best Shariah-Compliant Financial Institution
Al Safi Bank примет участие в ПЛАС-Форуме Digital Uzbekistan
Интервью Главного исполнительного директора Al Safi Bank в преддверии Международного женского дня
Al Safi Bank выступил на AIFC Finance Days 2025
Al Safi Bank 2024 жылғы Digital Umma IT Forum форумына қатысқанын мақтанышпен хабарлайды. Ислам қаржысы мен технологиялары саласындағы ең ауқымды іс-шаралардың бірі саналатын бұл форум – заманауи технологиялардың ислам құндылықтарына сай дамуы жөніндегі маңызды мәселелер талқыланатын беделді алаң болды. Форум әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған жетекші сарапшылар мен мамандарды біріктірді.
Digital Umma IT Forum 2024 аясындағы қатысу Al Safi Bank үшін тек ислам қаржысы саласындағы жетістіктері мен инновациялық тәсілдерін таныстыру мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар саладағы әріптестермен тәжірибе алмасатын маңызды алаң болды. Банк адал кәсіпкерлік пен этикалық инвестицияларды ұзақмерзімді өркендетуге бағытталған шешімдерді әзірлеп, енгізуге белсенді түрде атсалысып келеді. Бұл – банктің миссиясының ажырамас бөлігі.
Форум аясындағы басты іс-шаралардың бірі «Құрылыс компанияларына арналған исламдық өнімдер: Мүмкіндіктер мен қиындықтар» тақырыбындағы дөңгелек үстел болды. Бұл пікірталас форум қатысушылары тарапынан зор қызығушылық тудырып, құрылыс саласындағы ислам қаржысының даму мәселесінің өзектілігін көрсетті. Банк өкілдері мен серіктестері өз тәжірибелерімен бөлісіп, саладағы болашақ даму бағыттарын талқылады.