Masraf Al Rayan және Al Safi Bank арасындағы танысу
Masraf Al Rayan және Al Safi Bank арасындағы танысу
Al Safi Bank – Best Shariah-Compliant Financial Institution
Al Safi Bank примет участие в ПЛАС-Форуме Digital Uzbekistan
Al Safi Bank – Best Shariah-Compliant Financial Institution
Al Safi Bank примет участие в ПЛАС-Форуме Digital Uzbekistan
Интервью Главного исполнительного директора Al Safi Bank в преддверии Международного женского дня
Al Safi Bank выступил на AIFC Finance Days 2025
Al Safi Bank Астана халықаралық қаржы орталығының Әкімшілігімен бірлесе отырып, Катар мен Таяу Шығыстың жетекші қаржы институттарының бірі – Masraf Al Rayan басшылығымен табысты келіссөздер жүргізді. Делегация сапары Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекеті арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту аясында ұйымдастырылды.
Masraf Al Rayan делегациясы құрамында Қазынашылық және қаржы институттары департаментінің басқарушы директоры Тахир Хаят Пирзада және Al Rayan Investment уақытша атқарушы бас директоры Акбер Хан қатысты. Кездесу барысында тараптар ықтимал серіктестіктің негізгі бағыттарын, соның ішінде қазынашылық операцияларды, активтерді басқаруды және исламдық бағалы қағаздар шығаруды талқылады.
Екі тараптың өкілдері болашақтағы бірлескен жұмыстың жемісті болатынына сенім білдіріп, Қазақстан мен Катар арасындағы қаржылық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу жылы әрі сындарлы атмосферада өтті және ұзақмерзімді серіктестікті дамытуға деген өзара ұмтылысты тағы бір мәрте растады.