Ислам қаржысы
Ислам қаржысы

Жүйе шариғат қағидаттарына негізделген. Проценттерге, белгілі бір салаларға инвестицияларға тыйым салынады

Ислам қаржы жүйесінде алып-сатарлық пен әділетсіздікке жол бермеу үшін ақша нақты тауарлармен немесе қызметтермен байланысты болуы тиіс, сондай-ақ процестің бүкіл қатысушылары арасында табыс пен тәуекелді бөлу міндетті шарт болып табылады. Одан басқа, барлық банк операциялары ислам қаржы мекемелерінің Бухгалтерлік есеп пен аудит ұйымының стандарттарына сәйкес келуі тиіс.

Риба — өсімқорлыққа

тыйым салу

Ақшаны процентпен алу болсын, оны инвестиция ретінде пайдалану болсын, барлық түрдегі өсімқорлыққа тыйым салынады. Тыйым Құранда, Сүннетте көрсетілген және ғалымдардың бірауыздан шыққан пікірімен расталған – иджма

Тек рұқсат етілген
инвестициялар

Әдеттегі қаржы институттарынан айырмашылығы, исламдық экономикалық қатынастар жүйесінде Шариғат тұрғысынан заңсыз салаларды қамтитын «тыйым салынған қызмет» анықтамасы бар. Инвестициялық жобаларды таңдау кезінде өсімқорлыққа, алкогольге, құмар ойындарға және т.б. байланысты салаларға тыйым салынады

Тәуекел мен
пайданы бөлу

Барынша ашықтықты қамтамасыз ету үшін мәміле қатысушылары – банк, инвесторлар мен клиенттер – тәуекелдер мен пайданы бірлесіп бөліседі. Бұл мушарака – серіктестік, мудараба – сенімді басқару сияқты механизмдер арқылы жүзеге асырылады

Транзакциялар нақты

қызметке негізделген

Ислам қаржысында ақша операциялары нақты тауарлармен немесе қызметтермен байланысты болуы тиіс. Бұл алып-сатарлық пен тәуекелді қаржы құралдарына жол бермейді. Әдеттегі қаржыда алып-сатарлық пен туынды қаржы құралдарының саудасына рұқсат етіледі

Ислам банкингінің әдеттегіден ерекшелігі
Шариғат кеңесін тарту

Әдеттегі банкте банктің ішкі құрылымына байланысты шешімді Банк басшылығы немесе Директорлар кеңесі қабылдайды.

Ислам банкингінде Шариғат кеңесі бар, ол бүкіл өнімдер мен қызметтердің ислам заңдарына және қағидаларына сәйкес болуын қадағалап отырады. Бұл Кеңес қаржы өнімдерінің Шариғат аясында болуы үшін оларға түзетулер енгізе алады

Әлеуметтік жауапкершілік

Әдеттегі банкингте әлеуметтік жауапкершілік әрдайым бірінші орында емес, себебі басты мақсат – пайданы барынша көбейту

Ислам банкингінде әлеуметтік жауапкершілік пен қоғамдастықтың қамын ойлау маңызды рөл атқарады. Ислам банктері қоғамға пайдасын тигізетін жобаларға инвестиция жасайды және Исламның этикалық қағидаларына сәйкес келеді

Қаржы өнімдерінің түрлері

Әдеттегі банктер кредит, депозит және облигация сияқты қарыз бойынша бекітілген проценттік мөлшерлемесі бар өнімдерді ұсынады

Ислам банктері Murabaha (үстеме баға қосылған сауда), Ijara (жалгерлік), Wakala (агенттік қызметтер) сияқты өнімдерді ұсынады.

Проценттер мен үлестік қатысу

Әдеттегі қаржыда банктер кредит пен депозит бойынша несие процентін өндіріп алады және төлейді, бұл олардың қызметінің негізгі түрі болып табылады

Ислам банкингінде несие процентін өндіріп алуға немесе төлеуге тыйым салынады. Оның орнына банктер серіктестік, сауда мен жалгерлік қағидаларына негізделген модельдерді пайдаланады