Al Safi Bank «Астана» Халықаралық қаржы орталығының әкімшілігімен бірлесіп, Катар мен Таяу Шығыстағы жетекші қаржы институттарының бірі – Masraf Al Rayan басшылығымен сәтті келіссөздер жүргізді. Делегацияның сапары Қазақстан Республикасы мен Катар мемлекеті арасындағы екіжақты ынтымақтастықты нығайту аясында өтті.
Masraf Al Rayan делегациясының құрамына Қазынашылық және қаржы институттары бағытының Басқарушы директоры Тахир Хаят Пирзада және CEO Al Rayan Investment м.а. Акбер Хан қатысты. Кездесу барысында тараптар қазынашылық операцияларды, активтерді басқаруды және ислам бағалы қағаздарын шығаруды қоса алғанда, ықтимал ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын талқылады.
Екі тараптың өкілдері әрі қарайғы бірлескен жұмыстың жемісті болатынына сенім білдіріп, Қазақстан мен Катар арасындағы қаржылық байланыстарды нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Кездесу ұзақ мерзімді серіктестікті дамытуға деген өзара ұмтылысты растай отырып, позитивті әрі сындарлы атмосферада өтті.